
Өмірбаян
1985 жылы 6 наурызда Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Қасқат ауылында дүниеге келдi. Бiлiмi жоғары, 2011 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Ән-күй пәнiнiң мұғалiмi» мамандығы бойынша бiтiрдi, 2014 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн «Заң» мамандығы бойынша тәмамдады.
Өзiнiң еңбек жолы кезеңiнде мынадай лауазымдарды атқарды: Петропавл қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясының ән-күй пәнi мұғалiмi, «Есiл аудандық Мәдениет үйi» МКҚК директоры.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екi бала тәрбиелеуде.





