Қыдыбеков Мереке Жаманшалұлы

    Аким

    Қыдыбеков Мереке Жаманшалұлы
    Аким

    Қыдыбеков Мереке Жаманшалұлы

    Аким

    Өмірбаян

    Мереке Жаманшалұлы Қыдыбеков 1964 жылы 9 қарашада Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданы Өрнек ауылында дүниеге келдi.

    Бiлiмi жоғары, 1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетiн — басқару-экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1985 жылы «Алматы» кеңшарының №2 бөлiмшесiнiң қойшысы болып бастады.

    Өзiнiң еңбек жолында мынадай қызметтердi атқарды: СҚО Мамлют ауданының «Становской» кеңшарының №2 бөлiмшесiнiң бригадирi, «Мерекинский» кеңшарының есепшiсi, «Өрнек» ұжымдық кәсiпорнының мұнай базасының меңгерушiсi, «Өрнек» ұжымдық кәсiпорнының бас экономистi, 1997 жылдан 2013 жылға дейiн Есiл ауданы Алматы ауылдық округiнiң әкiмi қызметiн атқарды, 2017 жылдан 2019 жылға дейiн «Данияр Агро» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры.

    2019 жылдың наурызынан бастап 2019 жылдың қазан айына дейiн Алматы ауылдық округiнiң әкiмi аппаратының жетекшi маманы болып қызмет атқарды.

    Есіл ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 қазандағы өкімімен Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

    Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері