
Өмірбаян
Татьяна Георгиевна ұйымдастыру жұмысы және контртоль бөлімін 2014 жылдың қараша айынан бастап басқарады, ұлты орыс, білімі жоғары.
Т.Г. Шелихова Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында 1967 жылдың 18 қарашасында туылған. 1990 жылы «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Өскемен жол-құрылыс институтын бітірді.
Еңбек жылдарын 1990 жылы Глубокое ауданының Ертіс мыс балқыту зауытында бас механиктің бөлімінде ғимарат пен құрылыстардың инженер-құрылысшысы, 1997 жылдан 1999 жылға дейін сол жерде ғимарат пен құрылыстардың инженер-құрылысшысы, 2001 жылдан 2002 жылға дейін «Қазақмыс» корпорациясы «ШығысҚазмыс» филиалының жөндеу-құрылыс учаскесінде ғимарат пен құрылыс инженер-құрылысшысы. 2003-2004 жылдан аралығында Глубокое ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық кадрлық және бақылау бөлімінің бас маманы. 2007-2008 жж. Глубокое ауданының Ертіс мыс балқыту зауытының бас механигі бөлімінің ғимарат пен құрылыс инженер-құрылысшысы. 2008-2012 жж. ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы. 2012-2014 жж. ұйымдастырушылық жұмыстар және бақылау бөлімінің бас маманы.



