
Өмірбаян
Мамлют ауданы әкімінің 2020 жылғы 13 наурыздағы өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округінің әкімі болып Асқар Кеңесұлы Оразалинов тағайындалды.
Асқар Кеңесұлы Оразалинов – 1976 жылы 25 наурызда Көкшетау облысы Володарский ауданы Светлое ауылында туды.
2004 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы 17-ӨБ өрт сөндірушіден бастады;
2002 жылы СҚО ІІД инспекторы;
2009 жылы Мамлют ауданының ІІБ аға мемлекеттік инспекторы;
2009 жылғы желтоқсан Мамлют ауданының ІІБ аға жедел кезекшісі;
2013 жылы Мамлют ауданының ІІБ әкімшілік практика инспекторы;
2017 жылы Мамлют ауданының ІІБ ЖПҚ Андреев ауылдық округі бойынша аға учаскелік полиция инспекторы;
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін запастағы полиция майоры.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округінің әкімі м. а. 2020 жылғы 25 мамырда тағайындалды.




