
Өмірбаян
Әділхан Талғатұлы Разиев – 1990 жылы 7 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ауылында туды, 2015 жылы Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2010 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің іс жүргізу жөніндегі бас маманның көмекшісінен бастады.
2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің іс жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2016 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы қарашаға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2017 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы тамызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің іс жүргізу жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы наурызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің статисты болып жұмыс істеді.
2020 жылғы наурыздан бастап осы уақытқа дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жедел мәселелер жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округінің әкімі өкілеттігіне кірісті
(Мамлют аудандық сайлау комиссиясымен 2022 жылғы 27 сәуірде тіркелді)




