
Курмантаев Нуржас Нуржанович
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекция басшысы м.а.
Өмірбаян
1986 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы «Санэпидветлаборатория Толебай» ЖШС-ның малдәрігері болып бастады.
2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының маманы болып жұмыс істеді.
2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меркі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздігі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылы Басқарма басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдың соңынан бастап 2024 жылдың 15 шілдесіне дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың 15 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.





