Бердібеков Ержан Сәкенұлы

    Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары

    Бердібеков Ержан Сәкенұлы
    Первый заместитель прокурора

    Бердібеков Ержан Сәкенұлы

    Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Бердібеков Ержан Сакенович 1975 жылы 16 сәуірде Түркістан облысының Шардара ауданында дүниеге келген.

    1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқық тану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

    Осы жылдар ішінде Маңғыстау облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Маңғыстау облысы бойынша сот орындаушылары мен приставтары департаментінің директоры, Маңғыстау облысы бойынша Сот шешімдерін орындау комитеті басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы прокурорының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолданылуын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, Маңғыстау облысы прокуратурасының экономикалық салада заңдылық сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы, Маңғыстау облысы Қарақиян ауданының прокуроры, Маңғыстау облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінде заңдылық сақталуын қадағалау басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуроры, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

    2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі - 26 жылдан астам.

    Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері