
Өмірбаян
Смаилканов Болат Амирович 1965 жылдың 20 мамырында Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келген. Үйленген, 4 баласы бар.
1972-1982 жылдары аралығында Абай атындағы орта мектебінде оқып, тәмәмдаған. 1983-1985 жылдары әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтеген.
2013 жылы Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық Гуманитралық Университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша білім алып, осы жылы оқу орнын бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Үшарал совхозында жүргізуші ретінде бастаған. Аталған мекемеде 1995 жылғы дейін қызмет атқарған.
1995-2004 жылдары аралығында Үшарал коммуналдық пайдалану бөлімінің жылыту қазандығында слесарь қызметін атқарған.
2004-2010 жылдары қазандық басшысы, 2010-2016 жылдары жылу шаруашылығының басшысы лауазымында қызмет еткен.
2016-2021 жылдары аралығында «Әскери құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің участок басшысы қызметін атқарған.
2021 жылдан бастап осы күнге дейін «Алакөлжылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры қызметін атқаруда.





