Жакыпбек Азат Мәкетайұлы

    "Алакөл айнасы"ЖШС директоры - бас редакторы.

    Жакыпбек Азат Мәкетайұлы
    Директор

    Жакыпбек Азат Мәкетайұлы

    "Алакөл айнасы"ЖШС директоры - бас редакторы.

    Өмірбаян

    Жақыпбек Азат Мәкетайұлы 1959 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданының Ұялы ауылында дүниеге келді.

    1966 жылы Қызылащы ауылындағы С. М. Киров атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1976 жылы Обухов (қазіргі Бұлақты) орта мектебін бітірді. 1966 жылы Қызылащы ауылындағы С. М. Киров атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1976 жылы Обухов (қазіргі Бұлақты) орта мектебін бітірді.1966 жылы Қызылащы ауылындағы С. М. Киров атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1976 жылы Обухов (қазіргі Бұлақты) орта мектебін бітірді.

    Осы жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1981 жылы аяқтады.

    1981-83 жылдар аралығында Алакөл аудандық «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газетінде хат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    1983-84 жылдары осы газет редакторының орынбасарлығына тағайындалды.

    1984-85 жылдары Кеңес Армиясының қатарында Отан алдындағы борышын өтеді.

    1986 жылы аудандық «Жаңа өмір»- «Новая жизнь» газетінің редакторы болып бекітілді.

    1995-96 жылдары Үшарал қалалық телестудиясының директоры.

    1996 жылдан аудандық «Алакөл» газетінің редакторы, 1997 жылдан бас редактор.

    2013 жылдан бүгінгі күнге дейін директор-бас редактор қызметін атқаруда.

    Алакөл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері