
Өмірбаян
Меркі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 ақпандағы шешіміне сәйкес Меркі ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 ақпандағы №96-Ж/Қ өкімімен Байқұлов Бахтияр Үсенұлы Т.Рысқұлов ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Бахтияр Үсенұлы 1979 жылы 9 тамызда Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. 2007 жылы «Әулие-Ата» университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы «Жылы бұлақ» акционерлік қоғамының учетчигі болып бастаған.
2004-2005 жылдары «Жылы бұлақ» акционерлік қоғамының кассирі. 2006-2007 жылдары Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының көлік жүргізушісі. 2008-2010 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің есепшісі және іс-жүргізушісі. 2010-2023 жылдары «Шапағат» шаруа қожалығының жетекшісі. 2017-2019 жылдары «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы Меркі аудандық пошта байланыс торабының Интернациональный пошта бөлімінің бастығы. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Қазпошта» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы Меркі аудандық пошта байланыс торабының алмастыру блогының басшысы.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Merke Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмсақ жихаздар цехының бригадирі лауазымын атқарып келді.
Үйленген, отбасында 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіруде.




