
Өмірбаян
Ернар Ғалиұлы 1991 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «туризм» және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті индустриялық-инновациялық даму мониторингі басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы болып бастаған.
2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының сарапшысы, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы, 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті директорының орынбасары, 2023-2024 жылдары "Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі" мемлекеттік мекемесі директордың орынбасары, 02.2024-08.2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2024 жылдың тамыз айынан бастап Меркі ауданы әкімінің орынбасары.


