Алтынбеков Куаныш Сағатұлы

    Бас Директор

    Алтынбеков Куаныш Сағатұлы
    Директор

    Алтынбеков Куаныш Сағатұлы

    Бас Директор

    Өмірбаян

    Білімі

    - Семей мемлекеттік медициналық академиясы. «Емдеу ісі» мамандығы, 2005 жыл. Үздік диплом, Семей қ.

    - Семей мемлекеттік медициналық академиясы. Интернатура, 2006 ж., Семей қ.

    - Ресей медицина ғылымдары академиясының Сібір бөлімшесінің Томск ғылыми орталығының психикалық денсаулық ғылыми-зерттеу институты мемлекеттік мекемесі: сырттай аспирантура 01.10.2006 ж. бастап 01.10.2008 ж. дейін.

    Медицина ғылымдарының кандидаты.

    - Еуразия инновациялық университеті – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2008 жыл. Павлодар қ.

    - 28.09.2017 ж. Ресейде, Санкт-Петербург қаласында В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық психиатрия және неврология медициналық зерттеу орталығында «Стационар жағдайында шизофрениямен ауыратын науқастарға психиатриялық көмек көрсетуді оңтайландыру (клиникалық-терапевттік, ұйымдастырушылық және фармациялық-экономикалық аспектілері)» тақырыбында медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғады.

    - «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ, 2020 жыл, Денсаулық сақтау магистрі.

    Жұмыс тәжірибесі:

    - 21. 09.2006 ж. бастап 12.01.2009 ж. дейін – ҚР ДСМ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК клиникалық психиатрия бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, Алматы қ.

    - 12.01.2009 ж. бастап 10.05.2011 ж. дейін – Астана қ. «Психикалық денсаулық мәселелерінің медициналық орталығы» ММ - № 4 бөлімшенің (ерлер мазасыздығы бөлімшесі) ординатор дәрігері, № 4 бөлімшенің меңгерушісі, директордың көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жасау жөніндегі орынбасары.

    - 10.05.2011 ж. бастап 18.07.2012 ж. дейін – Алматы қ. «Психикалық денсаулық орталығы» МКҚК – бас дәрігердің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.

    - 30.07.2012 ж. бастап 07.03.2013 ж. дейін – ҚР ДСМ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК ғылыми зерттеулер сапасының менеджменті қызметінің аға ғылыми қызметкері.

    - 07.03.2013 ж. бастап – 12.12.2016 ж. дейін Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры.

    - 12.12.2016 ж. бастап 22.05.2017 ж. дейін – ҚР ДСМ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК аға ғылыми қызметкері.

    - 22.05.2017 ж. бастап – 18.08.2017 ж. дейін ҚР ДСМ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарының м.а.

    - 18.08.2017 ж. бастап ҚР ДСМ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

    - 21.10.2021 ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директоры

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері