
Өмірбаян
Ізтелеуов Ізбасар Жанатханұлы, 1991 жылы 10 желтоқсанда, Алматы облысы Жамбыл ауданы Саурық Батыр ауылында дүниеге келді. 2007 жылы Алматы қаласындағы «Банк Ісі академиясының» колледжіне түсіп, 2011 жылы «Банк ісі» арнайы орта мамандығын алды. Осы жылы «Қазақ инженерлік қаржы банк академиясына» түсіп, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша «экономика және бизнес» мамандығы бакалавр академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2012 жылы Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы «68303» әскери бөліміне келісім шарт бойынша әскери қызметші болып бастады. 2013 жылы «68303» әскери бөлімінде қысқартылып, әскери қызметінен босатылды.
2013-2015 жылдары ДБ АО «Хоум Кредит Банкінде» несие қарастыру маманы болып жұмыс жасады.
2015 жылдан 2016 жылға дейін «КазИнвестБанкінде» көп салалы менеджер қызметін атқарды.
2016 жылдың сәуір айында Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы «Мыңбаев Су құбырында» экономист қызметіне тағайындалды.
2021 жылдың 12 ақпаннан бастап «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Май Бұлақ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына директор қызметіне тағайындалды.



