
Қатубеков Мұратхан Алдибекұлы
«Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның директоры
Өмірбаян
Қатубеков Муратхан Алдибекұлы 1967 жылы Қоңырөлең округіне қарасты Ынталы ауылында дүниеге келген. 1974-1982 жылы Ынталы ауылындағы сегіз жылдық мектепте білім алып, 1984 жылы Әулиеағаш ауылындағы он жылдық мектепті бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Панфилов ауданының Ынталы ауылында ферма жұмысшысы болып бастады. 1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын атқарды.1987 жылы Сарқан қаласындағы мәдени-ағарту училишесіне түсіп аталған училищені 1990 жылы бітірген.
1991 жылы қаңтар айынан Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылындағы мәдение үйінің әдіскері болып қызмет атқарды. 1991 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың қыркүйек айына дейін Қоңырөлең балалар саз мектебінің мұғалімі болып жұмыс істеді, және ауылдық мәдениет үйінің «Назқоңыр» фольклорлық ансамблінің әншісі, аспапшы орындаушысы болып ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосты. 1996 жылы аудандық мәдениет үйінің театр режиссері, 1998 жылы «Жаркент әуендері» халықтық ән-би ансамблінің әншісі, аспапшы орындаушысы, «Жаркент әуендері» халықтық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды. 2001 жылы Панфилов ауданы әкімі аппаратының мәдениет саласы бойынша жетекші маманы, 2003 жылдан 2005 жыл аралығында аудандық мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы, 2005-2011 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2011-2012 жылдары аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2012-2018 жылдың наурыз айына дейін Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды. 2018 жылдың 6 наурызынан бастап «Панфилов ауданы әкімдігінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның директоры болып қызмет атқарып келеді.





