
Өмірбаян
Ким Валерий Федорович
Туған жері – Жамбыл қаласы, ҚР, туған жылы – 1955 жылы 19 ақпан
1976 жылы Томск қаласындағы Томск инженерлі-құрылыс институтының «Сумен жабдықтау және кәріз» факультетін тамамдап инженер-құрылысшы және 2005 жылы жұмыс кезеңінде құқықтану факультеті бойынша Алматы қаласының Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын бітіріп заңгер мамандықтарынын иесі.
1972 жылы №2 үйбасқармасына темір ұста болып жұмысқа орналасты. 1973 жылдан 1975 жылға дейін Семей қаласында Совет Әскері қатарында әскери борышын өтеп, сержант атағын алды.
Институтты аяқтағаннан кейін 1982 жылы Талдықорған облыстық Су құбыры басқармасына техникалық қадағалау инженері болып орналасты, 1984 жылдан бастап су құбыры-кәрізді желілері мен құрылыстарының басшысы болды, 1994 жылы басшының орынбасары болып тағайындалды, 2000 жылдан 2003 жылға дейін «Су құбыры» ҚМК директоры, ал 2003 жылы Алматы облыстық «Жетісу Су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының құрылуына байланысты осы кәсіпорынның директоры болып тағайындалды. Облыстың аудандық су құбырларына жетекші болды.
2008 жылдан бастап облыстың құрылымдық су құбырларының жергілікті атқарушы органдарға өтуіне байланысты Талдықорған қаласының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісу Су құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын басқарды. Лауазымы – директор.




