
Жағыпаров Абзал Маутбекұлы
"Талдықорғанжылусервис" ШЖқКМК басшысы
Өмірбаян
Жағыпаров Абзал Маутбекұлы 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2001 жылы Алматы энергетика және электронды аспаптар колледжін «Жылу энергетикасы технигі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Инженер-электрик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясында қарапайым шебер болып бастап, кейін осы мекемеде аға шебер және учаске басшысы қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-де еңбек жолын электромонтер лауазымынан бастап, электротехникалық қызметтің басшысы, қазандықтарды пайдалану басқармасының басшысы, бас инженердің орынбасары және бас инженер қызметтерін атқарған.
2026 жылғы наурыз айынан бастап «Талдықорғанжылусервис» КМК-ның бас инженері болды.
2026 жылғы мамыр айынан бастап «Талдықорғанжылусервис» КМК басшысы қызметіне тағайындалды.



