
Өмірбаян
Санымбаев Мұрат Тәуірбайұлы 1968 жылы 1 қыркүйекте Ырғыз ауданы, Құрлыс ауылында дүниеге келген. Білімі – орта арнаулы. 1990 жылы Темір кеңшарының техникумын мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қарасай ауылында бөлімшеде көмекшіліктен бастаған. Киров атындағы кеңшарда комсомол комитетінің хатшысы, кейін мал дәрігері болып қызмет атқарды.
1997-2000 жж Құмтоғай ауылдық округінің аппаратында бас маман – мал дәрігері
2000-2013 Ырғыз аудандық ветеринариялық станциясының мал дәрігері
2013-2023 жж Құмтоғай ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі
2023 жылдың ақпан айынан бастап Құмтоғай ауылдық округінің әкімі




