
Өмірбаян
Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы 1987 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген.
2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін “Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы С.Баишев атындағы Ақтөбе университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Ырғыз аудандық білім бөлімінде методист болып бастаған.
2009-2010 жылдары Ырғыз аудандық пошта байланысы торабында бақылаушы маман.
2010-2011жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.
2011-2013 жылдары Ырғыз аудандық пошта байланысы торабында категориясыз соңынан бақылау жасау маманы.
2013-2017 жылдары Ырғыз аудандық пошта байланысы торабында бастықтың орынбасары. 01.2017-07.2017 жылы Ақтөбе қаласындағы "Гелиос" ЖШС ЖҚС менеджері.
2017-2018 жылдары Ырғыз ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы.
2018-2019 жылдары Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаментінің жетекші маманы.
2019-2020 жылдары Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссияcының хатшысы.
2020-2021 жылдары Ырғыз ауданы әкімі аппаратының персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы.
2021-2022 жылдары Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің әкімі.
2023-2025 жылдары Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің орынбасары.
19 мамыр 2025 жылдан Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің әкімі.



