
Өмірбаян
1965 жылы 10 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында туылған.
1993 жылы Алматы архитектор құрылыс институтын «Құрылыс инженері», 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит», 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы В. И. Ленин атындағы политехникалық институтының пайдалы қазбалар мен кен орындарының технологияларын әзірлеу кафедрасында лобарант болып бастаған.
1988-1989 жылдары №811 әскери құрылыс жасағында есеп технигі,
1989 жылы «Индустрой» құрылыс басқармасының «Каратауфосфорстрой» трестінде 3 разрядты ағаш ұсташы-бетоншы,
1989-1990 жылдары Жамбыл аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы,
1990-1991 жылдары Жамбыл аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі,
1991-1993 жылдары №64 жол эксплутациялық учаскесінде жұмысшы,
1994-1999 жылдары Жамбыл облысы Ішкі Істер басқармасының учаскелік инспекторы,
1999-2003 жылдары Б.Бесбаев атындағы орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі,
2003-2005 жылдары «Амангельды Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман,
2005-2006 жылдары «Амангельды Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінде жетекші маман,
2006-2009 жылдары «Амангельды Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қамтамасыз ету базасында механик,
2009-2013 жылдары «Амангельды Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас маманы,
2013-2015 жылдары «Амангельды Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инфрақұрылым қызметінің меңгерушісі,
2015 жылы «Амангельды Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде диспетчер,
2016 жылы Айшабибі ауылдық округі әкімінің аппаратында нұсқаушы,
2016-2018 жылдары Айшабибі ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Қарой ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.





