Мухаметова Гүлнар Сұлтанқызы

    Әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы

    Мухаметова Гүлнар Сұлтанқызы
    Руководитель отдела

    Мухаметова Гүлнар Сұлтанқызы

    Әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Гүлнар Солтанқызы Мұхаметова 1965 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. 1990 жылы В .И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер - жүйе технигі мамандығы бойынша аяқтады.

    Г.С. Мұхаметова 1990 жылы республикалық телеграф қызметі АҚК Автоматты коммутация торабының байланыс инженері болып жұмыс істеді.

    1993 жылдың қараша айында Алматы жұмыспен қамту басқармасының Фрунзе аудандық жұмыспен қамту орталығының АСУ және информатика бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

    1993 жылдың желтоқсанында Фрунзе аудандық жұмыспен қамту орталығы – Еңбек биржасының АСУ және информатика бөлімінің бас маманы болды.

    1998 жылдан бастап Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Қалалық тұрғын үй жәрдемақысы орталығының жетекші маманы қызметін атқарды.

    1999 жылдың маусым айында Алматы қаласы Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің ақпараттық-техникалық және компьютерлік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

    2002 жылдан бастап Алматы қаласы Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің тұрғын үй жәрдемақысын есептеу және төлеу бөлімінің бас маманы болды.

    2005 жылдың басынан бастап Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы.

    2006 жылдың наурыз айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

    2009 жылы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырушылық-жиынтық талдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болды.

    2009 жылдың қазан айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болды.

    2012 жылы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

    2013 жылдың мамыр айынан бастап Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болды.

    2013 жылдың қазан айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    2019 жылдың 1 наурызынан бастап Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының отбасылық әл-ауқат бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері