Маратбек Мади
Басшы-аға сот орындаушы
Өмірбаян
Л.Н Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті
Мади Маратбек, 1987 жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында туылған, ұлты қазақ, жоғары білімді.
2009 жылы Л.Н Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы және 2011 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. 2013 жылы Л.Н Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетін «Заң магистрі» дәрежесін алған.
Ғылыми тағылымдамалар:
29.06.2012-08.07.2012 жылы «Венециядағы адам құқықтары мектебі» Венеция қаласы.
06.02.2013-15.02.2013 жылы Дюссельдорф университетінде құқықтану бойынша тағылымдамадан өтті. Германия, Дюссельдорф қаласы.
Мади Маратбек, еңбек жолын 2010 жылдан бастаған.
2010 жылдың 01 қыркүйегінен 2013 жылдың 30 қарашасына дейін Нұр-Сұлтан қаласында «ДАН-ЦЕНТР» ЖШС заңгері болып қызмет атқарған.
2012 жылдың 11 сәуірінен 2014 жылдың 31желтоқсанына дейін Нұр-Сұлтан қаласында «Kaz Arna Croup» ЖШС директорының орынбасары болып қызметін атқарған.
2017 жылдың 24 қазанынан 2017 жылдың 01 қарашасына дейін Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Сот актілерін орындау бойынша №4 Тараз қалалық аумақтық бөлімі» филиалының іс жүргізушісі қызметін атқарған.
2017 жылдың 01 қарашадан 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін Жамбыл облысы Әділет департаментінің іс жүргізу бойынша испекторы қызметін атқарған.
2018 жылдың 01 ақпанынан 2018 жылдың 25 наурызына дейін Жамбыл облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы ретінде қызметін атқарған.
2018 жылдың 26 наурызынан 2021 жылдың 17 ақпанына дейін Жамбыл облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы болып қызметін атқарған.
2021 жылдың 18 ақпанынан 2024 жылдың 13 ақпанына дейін Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» сот орындаушысыболып қызметін атқарған.
2024 жылдың 14 ақпанынан 2025 жылдың 21 шілдесіне дейін Жамбыл облысы Әділет департаменті филиалының «Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» сот орындаушысы ретінде қызметін атқарған.
2025 жылдың 22 шілдесінен осы күнге дейін Жамбыл облысы Әділет департаменті филиалының «Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» басшы - аға сот орындаушысы ретінде қызметін атқарып келеді.





