
Өмірбаян
Береке Нәсіпбекұлы 1993 жылы 5 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2014 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» және 2017 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
2012 жылдың маусым айынан бастап «Казфосфат» ЖШС поездарды құрастырушы болып бастаған;
2015-2016 жылдары «Казфосфат» ЖШС жүкті қабылдап, жөнелту жөніндегі маманы;
2016-2017 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар рессурстық орталығы» КММ бөлім басшысы;
2017-2018 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінде іс-қағаз жүргізуші;
2018-2021 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2021-2024 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы;
2024 жылдың 14 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің басшысы болып қызмет атқарып келді.
«Amanat» партиясының мүшесі
Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеп отыр.





