Бейсенов Марат Жұмажанұлы

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

    Бейсенов Марат Жұмажанұлы
    Заместитель руководителя

    Бейсенов Марат Жұмажанұлы

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1972 жылы туған. Жоғары экономикалық, заң білімі бар, сондай-ақ Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару Академиясын бітірген.

    Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 32 жыл, оның ішінде 26 жыл басшылық лауазымдарда.

    1993 жылдан бастап кеден органдарында инспектордан бастап Департамент бастығының орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2002 жылдың наурыз айында Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2007 жылдың қыркүйегінде ротация тәртібімен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    2009 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппараты - Кедендік бақылау комитетіне, пост-кедендік бақылау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

    2012 жылдың тамыз айында Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің әдіснама департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

    2016 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік әкімшілендіруден кейінгі департаментінің директоры, 2019 жылғы наурыздан 2020 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жедел бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    2020 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінде кеңесші лауазымында жұмыс істеді.

    2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    2025 жылдың наурыз айында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    Ведомстволық наградалар

    "Кеден қызметінің үздігі" және "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі"төсбелгілерімен марапатталған.

    Мемлекеттік наградалар

    "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері