
Шайхысламов Жан Шайхысламұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының Байқоңыр қаласында негізгі мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асыру және жалға беру шартының мониторингі бөлімі
Өмірбаян
Шайхысламов Жан Шайхысламұлы 1980 жылы 05 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Қостанай қаласы заң институтын заңгер мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде диссертация қорғап, заң ғылымдары кандидаты атағын алған.
Жалпы ақпарат, білім
1996–2004 жылдар аралығында ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарған.
2004 - 2019 жылдар аралығында жеке секторда кәсіпкерлікпен айналысқан.
2019-2020 жылдар аралығында ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының Байқоңыр қаласында негізгі мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асыру және жалға беру шартының мониторингі бөлімінің басшысы.
2020 жылдан бері ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

