
Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы
Өмірбаян
Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы 1968 жылы
27 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген.
1976-1986 жылдары Қызылорда қаласындағы №2 орта мектепте білім алып, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
- 1986 жылы жұмысшы болып бастаған;
- 1986-1987 жылдары КРВС автобазасының 2 разрядты слесарі;
-1987-1989 жылдары Қарулы Күштер қатарында отандық борышын өтеді. (Укр ССР Бердянск қаласы, сержант);
-1994-1997 жылдары Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеушісі;
-1997-1998 жылдары Қызылорда облыстық прокуратураның бөлім прокуроры;
-1998-2000 жылдары Қызылорда қалалық прокурорының көмекшісі;
-2000-2001 жылдары облыстық прокуратураның сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, прокуроры;
- 2001 жылдың мамыр-қыркүйек айларында Жалағаш аудандық прокурорының орынбасары;
- 2001-2003 жылдары Қармақшы ауданының прокуроры;
- 2003-2006 жылдары Қазалы ауданының прокуроры,
-2006-2010 жылдары Қызылорда облыстық прокурорының кадрлық жұмыстар жөніндегі аға көмекшісі; Тергеу және анықтау заңдылығының қадағалау басқармасының бастығы, қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы;
-2010-2015 жылдары Қызылорда облысы прокурорының орынбасары;
-2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар департаменті бастығының орынбасары;
-2018-2020 жылдары Астана қаласындағы «JFC COLOS» ЖШС-нің директорының кеңесшісі;
-2020-2021 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
-2021-2022 жылдың шілде айына дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарған.
-2022 жылдың 15 шілдесінен бастап ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы;

