
Раскалиев Булат Жарасович
Әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
1988 жылдың 23 мамырында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қандыағаш қаласының №2 орта мектебін бітірген. 2009 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы, тәрбиесінде үш баласы бар.
Өзінің еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастаған. 2014 жылдың қазан айы мен қараша айы аралығында Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының бас маманы, 2014 жылдың қараша айынан 2018 жылдың тамыз айы аралығында Ақтөбе қаласының Әділет басқармасы басшысының орынбасары, 2018 жылдың тамыз айынан 2020 жылдың қаңтар айы аралығында Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әділет басқармасының басшысы, 2020 жылдың қаңтар айынан қараша аралығында атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған. 2020 жылдың 27 қарашасынан бастап Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды. «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен;
|