
Шәріпбек Өмірбек Кәкенұлы
Үшбиік ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Шәріпбек Өмірбек Кәкенұлы – 1990 жылдың 11 маусымында ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2012 жылы Алматы қаласындағы Қ.И.Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы ШҚО Жарма ауданы Шуақ кентінде орналасқан ҚР ІІМ «Еңбек-Өскемен» РМК 110 филиалының өндіріс цехының бас маманы ретінде бастаған. 2015 жылдан 2017 жылға дейін «Үшбиік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, 2017 жылдан 2020 жылдың 16 қарашасына дейін «Үшбиік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың 16 қарашасынан Үшбиік ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған. 2021 жылдың 05 қаңтарынан Үшбиік ауылдық округі әкімі қызметін атқарады.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.




