
Тажикулова Эльмира Туракбаевна
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1980 жылдың 18 қыркүйегінде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Ақтөбе қаласының №35 орта мектебін бітірген. 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы.
Өзінің еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының маманы лауазымынан бастаған. 2005 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың шілде айы аралығында Ақтөбе облысының Әділет департаментінің халықты құжаттандыру және тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2011 жылдың шілде айынан 2014 жылдың қараша айы аралығында Ақтөбе облысы сот актілерін орындау департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы, 2014 жылдың қараша айынан 2016 жылдың тамыз айы аралығында Ақтөбе облысының Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша бөлімінің сот орындаушысы, 2016 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың маусым айы аралығында Ақтөбе облысының Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша бөлім басшысы, 2018 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қаңтар айы аралығында Хромтау аудандық Әділет басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2020 жылдың 29 қаңтарынан Хромтау ауданаралық Әділет басқармасының басшысы болып тағайындалды.
ҚР Әділет министрінің, Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.