
Рахимкулов Ернур Ермекбаевич
Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1988 жылы туылған, білімі жоғары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2010 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісінің көмекшісі болып бастаған.
2012-2015 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің инспекторы;
2015 – 2016 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығының маманы;
2016 – 2018 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы;
2018 – 2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі;
2020 – 2021 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
2021-2025 жылдары Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі;
2025 жылдың 03 наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде
Ұлты қазақ.





