
Балқыбеков Әбдіқазы Қайратұлы
Шу ауданы әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесі
Өмірбаян
Балқыбеков Әбдіқазы Қайратұлы 1995 жылы туылған, білімі жоғары, Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының 2017 жылы «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау» мамандығы бойынша, Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясының 2019 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2017 жылы Алматы қаласы "ЮТС Капитал" ЖШС-нің трейдері болып бастаған.
2017 жылдың мамыр айынан бастап 2017 жылдың шілде айына дейін Bi Group құрылыс компаниясының транспорт диспетчері;
2017 – 2018 "Car City" сауда орталығының сатушысы
2019 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың шілде айына дейін Алматы қаласы халыққа қызмет көрсету орталығы жастар тәжірибеден өтуші;
2019 – 2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы;
2020 – 2021 жылдары Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы;
2021 жылдың шілде айынан 2021 жылдың желтоқсан айына дейін Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы;
2022 – 2024 жылдары Ақтөбе селолық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2024 – 2025 жылдары Шу қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы;
2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің аппараты жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бөлімше басшысы қызметін атқаруда.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.





