Болатбеков Бегзат Сейсенқұлұлы

    Қордай ауданының әкімі

    Болатбеков Бегзат Сейсенқұлұлы
    Аким

    Болатбеков Бегзат Сейсенқұлұлы

    Қордай ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Болатбеков Бегзат Сейсенқұлұлы 1985 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған.

    2010 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiнің (қаржы полициясының) қызметкері болып бастаған.

    2013-2015 жылдары «Барлық-Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері, 2019-2020 жылдары «Хамза» шаруа қожалығының басшысы, 2020-2021 жылдары «Адал Дихан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы, 2021 жылдың наурыз-тамыз аралығы «Қордай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін атқарушы, 2021-2022 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары, 2022 жылдың ақпан-қыркүйек аралығы «Адал Құрылыс БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарған.

    2022 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

    2022 жылғы желтоқсаннан бастап Қордай ауданының әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері