
Сагимбаева Гульжан Алтаевна
Ақтөбе облысының әділет департаментінің басшысы
Өмірбаян
1981 жылдың 20 мамырында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Ақтөбе қаласының №11 орта мектебін бітірген. 2002 жылы «Қайнар» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, тәрбиесінде үш баласы бар. |
Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе қаласының мемлекеттік нотариустар кеңсесінің консультанты лауазымынан бастаған. 2002 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың қаңтар айы аралығында Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының АХАТ бөлімінің бас маманы, 2007 жылдың қаңтар айымен ақпан айы аралығында Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының АХАТ бөлімінің басшысы, 2007 жылдың ақпан айынан 2009 жылдың қыркүйек айы аралығында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерді тіркеуді ұйымдастыру және апостильдеу бөлімінің басшысы, 2009 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айы аралығында ұйымдастыру-бақылау және кадр қызметі бөлімінің басшысы, 2014 жылдың қараша айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша қалалық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы, 2019 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 2019 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылдың қараша айы аралығында атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2020 жылдың 27 қарашасынан 2025 жылдың 3 наурызы аралығында Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2025 жылдың 4 наурызынан бастап Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. I дәрежелі «Заңгер» төсбелгісімен; «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен; «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен; «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен; «Ерен еңбегі үшін» медалімен; ҚР Әділет министрінің, Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. |