
Өмірбаян
ӨМІРБАЯН
Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы 1990 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.
2010 жылы Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжін «Банк ісі» мамандығы бойынша, ал 2013 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Отбасылы. Үш бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолы:
2014 жылы «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалында байланыс операторы қызметінен бастап, кейін бас маман лауазымында еңбек еткен.
2021–2023 жылдары «Азия-Сервис Тараз» ЖШС-де бағдарламалық қамсыздандыруды сүйемелдеу жөніндегі маман қызметін атқарған.
2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша кірістер басқармасында бас маман болып жұмыс істеген.
2024 жылғы 2 шілдеден бастап 2026 жылғы 13 тамызға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында жоспарлау, қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.




