
Жүсіпбеков Сабыр Төлепбергенұлы
Қазақстан Республикасы ІІМ Арнайы күштер және жедел басқару департаментінің бастығы
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция генерал-майоры
1990 жылы Республикалық Қарағанды әскери мектебін бітірген. 1993 жылы М.В. Фрунзе атындағы Омбы әскери училищесін, ал 2003 жылы – ҚР ІІМ Қостанай заң институтын тәмамдаған
II дәрежелі «Айбын» орденімен (2024), «Ерлігі үшін» (2017), ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» (2007) медальдарымен марапатталған
1994-1996 жылдар аралығында Ақмола облысы ІІБ қабылдау-тарату орнында қызмет атқарған.
1996-1997 жылдары – Ақмола облысы ІІБ кәсіби дайындық курсының бастығы.
1997-2001 жылдары – Ақмола облысының ҚР ІІМ кәсіптік даярлау училищесінің курс бастығы.
2001-2004 жылдары – Астана қаласы ІІБ "Искра" кезекші бөлімінің аға инспекторы.
2004-2013 жылдары Астана қ. ІІД жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальонында аға инспектордан батальон командиріне дейінгі лауазымдарда қызмет атқарған.
2013-2017 жылдары Астана қ. ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальонының командирі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы лауазымдарын иеленді.
2017-2020 жылдары – Астана қаласы ІІД (ПД) бастығының орынбасары.
2020 жылдан бастап – ҚР ІІМ Арнайы күштер және жедел басқару департаментінің бастығы.





