
Өмірбаян
1983 жылы туған, білімі жоғары. 2002 ж. - ЩГТК, 2006 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Еңбек жолын 2002 жылдың қыркүйек айынан Ақмола облысы Бұланды ауданы Амангелді ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
2003 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстырылды.
2012 жылдың шілде айынан бастап Ақмола облысы Бұланды ауданы Амангелді НМ ОТЖ бойынша оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2013 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында Көкшетау қаласының «Достар» МҮ» МКҚК-да аудармашы болып жұмыс істеді.
2014 жылғы қаңтар-тамыз аралығында «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де редактор болып жұмыс істеді.
2014 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» ММ бас маманының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2014 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы қарашаға дейін «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы қарашадан 2024 жылғы маусымға дейін Бурабай аудандық мәслихат аппаратының депутаттық корпус және тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 5 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Бурабай аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып жұмыс істейді.
АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ТҰЛҒА
("Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғаның функциясын жүктеу туралы" 2021 жылғы 02 ақпандағы № 05 өкім)
