
Омаров Марат Талғатұлы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасы
Өмірбаян
1988 жылы туған. |
2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді. |
2012-2014 жылдары - Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.
2014-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.
2016-2017 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.
2017-2019 жылдары - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).
2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 16 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.



