Бердешов Али Сағдатұлы

    Тасқала ауданы әкімінің орынбасары

    Бердешов Али Сағдатұлы
    Заместитель акима

    Бердешов Али Сағдатұлы

    Тасқала ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Али Сағдатұлы білімі жоғары, 2007 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, құқық және экономика негіздері мен 2010 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедра ассистенті болып бастап, 2009-2010 жылдары №42 “Ақниет” гимназиясының мұғалімі, 2010-2016 жылдары “Идрисов” ЖК директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2017 жылы тамыз-қыркүйек айлары аралығында Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2019 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің басшысы, 2019-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ басшысы, 2022 жылдың маусым-шілде айларында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторының міндетін атқарушы, 2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси талдау және терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің бас инспекторы, 2023 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси талдау бөлімінің бас инспекторы, 2023-2024 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси талдау бөлімінің басшысы, 2024 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
    Жаңа қызметінде Али Сағдатұлы аудан әкімінің әлеуметтік салаға бағыттарын басқарып, абыройлы еңбек етеріне сенім білдіріп, сәттілік тілейміз.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері