
Өмірбаян
Тажаяқов Асхат Оңалбекұлы - 1984 жылы 20 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам елді-мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
01.09.2005 – 11.09.2007 жж. - Сарысу ауданы Жаңатас қаласы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің «география» пәнінің мұғалімі;
11.09.2007 – 20.05.2011 жж. - Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;
19.05.2011-28.10.2013 жж. - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы;
2013-2024 жж. - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 56-бабының 7-тармағына сәйкес 03.01.2024 – 10.07.2024 ж.ж. аралығында мәдениет және архив бөлімінің басшысы лауазымы;
Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі №102 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оған «Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылуына байланысты 2024 жылдың 10 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Басқарманың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымында.
Үйленген, 4 қыз тәрбиелеуде.

