
Қалменов Асылбек Толыбайұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Калменов Асылбек Толыбаевич
- 1978 жылы 29 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
- 2000 жылы – Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, экономист-менеджер біліктілігі бойынша бітірді;
- 2003 жылы – Қазақ гуманитарлық – заң университетін, заңгер біліктілігі бойынша бітірді.
Мемлекеттік кірістер жүйесінде 2000 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп отыр.
- 2000 жылғы шілде айынан бастап 2002 жылғы маусым айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің жетекші салық инспекторы болып қызметін бастаған.
- 2002 жылғы маусым айынан бастап 2005 жылғы шілде айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас салық инспекторы болып;
- 2005 жылғы шілде айынан бастап 2007 жылғы ақпан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы болып;
- 2007 жылғы ақпан айынан бастап 2007 жылғы шілде айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып;
- 2007 жылғы шілде айынан бастап 2007 жылғы тамыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы болып;
- 2007 жылғы тамыз айынан бастап 2008 жылғы сәуір айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс
Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы болып;
- 2008 жылғы сәуір айынан бастап 2008 жылғы шілде айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы болып;
- 2008 жылғы шілде айынан бастап 2012 жылғы маусым айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Зеленов ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы болып;
- 2012 жылғы маусым айынан бастап 2012 жылғы тамыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Әкімшілік басқармасының бастығы болып;
- 2012 жылғы тамыз айынан бастап 2013 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының бастығы болып;
- 2013 жылғы наурыз айынан бастап 2014 жылғы қараша айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасының басшысы болып;
- 2014 жылғы қараша айынан бастап 2020 жылғы маусым айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының басшысы болып;
- 2020 жылғы маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

