
Камаладдинов Бауржан Нурболатович
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Камаладдинов Бауржан Нурболатович 1976 жылы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1999 жылы - Батыс Қазақстан аграрлық университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша;
2006 жылы - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқық» даярлау бағытының құқықтану бакалавры.
2014 жылы – Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 1993 жылы Жәнібек элеваторының жұмысшысы болып бастаған.
-1995 жылғы сәуір айынан бастап 1996 жылғы желтоқсан айы аралығында Жәнібек ауданы бойынша салық инспекциясының инспекторы болып қызметін бастаған.
-1997 жылғы желтоқсан айынан бастап 1999 жылғы шілде айы аралығында «Дарьинский» МПК АҚ технигі болып жұмыс жасады.
Мемлекеттік кірістер жүйесінде 2001 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қызмет атқарып келеді.
-2001 жылғы маусым айынан бастап 2003 жылғы қараша айы аралығында Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау Агенттігі БҚО бойынша Кедендік бақылау басқармасы «Ақсай» кеден бекетінің инспекторы болып;
-2003 жылғы қараша айынан бастап 2006 жылғы ақпан айы аралығында Кедендік бақылау комитеті БҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті пост-кедендік бақылау бөлімінің аға маманы болып;
-2006 жылғы ақпан айынан бастап 2008 жылғы сәуір айы аралығында Кедендік бақылау комитеті БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті «Жәнібек» кеден бекетінің бастығы болып қызмет атқарды.
- 2008 жылғы сәуір айынан бастап мамыр айы аралығында Кедендік бақылау комитеті БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің қарауында қалдырылды;
- 2008 жылғы мамыр айынан бастап шілде айы аралығында Кедендік бақылау комитеті БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасы анықтау және экономикалық қылмыстармен күрес бөлімі маманының м.а.болып;
- 2008 жылғы шілде айынан бастап 2009 жылғы маусым айы аралығында Кедендік бақылау комитеті БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы болып;
- 2009 жылғы маусым айынан бастап 2012 жылғы тамыз айы аралығында Кедендік бақылау комитеті БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті «Ақсай» кеден бекеті бастығының орынбасары, кейіннен бастығы болып;
-2012 жылғы тамыз айынан бастап Кедендік бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы Алдын ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
-2013 жылғы ақпан айынан бастап 2014 жылғы мамыр айы аралығында БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің бастығы болып;
-2014 жылғы мамыр айынан бастап 2017 жылғы мамыр айы аралығында Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік кірістер басқармасы Тауарлар номенклатурасы және кедендік құнды бақылау бөлімінің бас маманы болып;
-2017 жылғы маусым айынан бастап 2019 жылғы сәуір айы аралығында Мемлекеттік кірістер комитеті БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармасы посткедендік бақылау бөлімінің бас маманы болып;
-2019 жылғы мамыр айынан бастап маусым айы аралығында Мемлекеттік кірістер комитеті БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экспорттық бақылау басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2019 жылғы маусым айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы қазан айынан бастап 2021 жылғы қазан айы аралығында Мемлекеттік кірістер комитеті БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының посткедендік бақылау бөлімінің басшысы болып;
2021 жылғы қазан айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы болып;
2022 жылғы қаңтар айынан бастап қазан айы аралығында Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Орал-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы болып қызмет атқарды.
2022 жылғы қазан айының 21 бастап Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

