
Абжанов Олжас Аманбайұлы
Жақсы ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін тарих бакалавры біліктілігі бойынша бітірген .
Еңбек жолын 2009 жылы Запорожье орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастады, онда 2012 жылға дейін жұмыс істеді.
2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Запорожье орта мектебі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін Запорожье орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болды.
2015 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қазан айына дейін Запорожье ауылдық округі әкімінің м.а. тағайындалды.
2015 жылдың қазан айынан 2022 жылдың желтоқсан айына дейін Запорожье ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
2022 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылдың мамыр айына дейін "Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жақсы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.


