
Ниятұллақызы Нәзікай
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Нәзікай Ниятуллақызы 1993 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда қаласындағы «Сырдария Мұнай» ЖШС-нің техник-технологы ретінде бастаған.
2015-2022 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы, бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.
2022-2026 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы.
2026 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.



