
Ибраева Меруерт Талғатқызы
Қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры
Өмірбаян
Ибраева Меруерт Талғатқызы 1985 жылы 29 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық кентінде дүниеге келген.
2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Көкшетау қаласындағы "Отан" РСП Көкшетау қалалық өкілдігінің Есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастады.
Одан әрі "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының талдау жұмысы және жастар саясаты департаменті Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің консультанты; "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаменті партиялық бағдарламалар және жобалар бөлімінің сарапшысы; "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының ақпараттық-талдау бөлімінің консультанты; "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының саяси жоспарлау департаменті талдау бөлімінің консультанты; "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты Саяси жоспарлау департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі; "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты ақпараттық комитетінің ақпараттық өнімдер және материалдар бөлімінің меңгерушісі; "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты баспасөз қызметінің консультанты; "Қазақстандық индустрияны дамыту институты"АҚ Корпоративтік даму орталығының бас сарапшысы-штаттан тыс қызметкер; Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаменті ақпараттық қамтамасыз ету басқармасының басшысы; Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2022 жылғы 21 қаңтар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры.
2023 жылғы 24 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры болып табылады.

