
Жолдасбекова Надира Қрықбайқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Юрий Гагарин атындағы ауылында 1976 жылы дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша, 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 - 1996 жылдары Жамбыл облысының экономикасын дамыту және халықты әлеуметтік қорғау қорында іс-жүргізуші болып бастаған.
1996 - 1997 жылдар аралығында Жамбыл облыстық экономика басқармасында аға инспектор лауазымын атқарған.
1997 - 1998 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының жанындағы Тәртіптік Кеңес маманы лауазымында қызмет атқарған.
1998 - 1999 жылдар аралығында Жамбыл облыстық экономика басқармасында жетекші маман, 2000 жылдары аға маман лауазымдарын атқарған.
2000 - 2005 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің экономика басқармасының ақпараттық-талдау жұмысы және аймақтарды дамыту жинақ бөлімінінде жетекші маман және бас маман лауазымдарын атқарды.
2005 - 2006 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінде бас маман-аудармашы лауазымын атқарған.
2006 - 2007 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің инвестициялық жобаларды және бағдарламаларды сараптау бөлімінде бас маман лауазымын атқарды.
2007 - 2010 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің шығыстарын жоспарлау бөлімінде бас маман лауазымын атқарған.
2010 - 2014 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік сала шығындарын жоспарлау бөлімінде бас маман лауазымын атқарған.
2014 - 2019 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жинақтау-талдау бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
2019 жылдың 16 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

