Абдралиева Сандуғаш Ермаханқызы

    Басқарма басшысы

    Абдралиева Сандуғаш Ермаханқызы
    Руководитель управления

    Абдралиева Сандуғаш Ермаханқызы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Сандуғаш Ермаханқызы 1981 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.
    М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік муниципалдық басқару», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Алматы экономика және статистика институтының Жамбыл облысындағы филиалының әдіскері болып бастаған.
    Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика басқармасының жетекші маманы, бас маман, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
    2014 жылғы қаңтардан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті. 2023 жылдың тамыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері