
Смагулов Ерғали Майлыбайұлы
Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Артқа
Өмірбаян
Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген.
2008 - 2011 - оператор, Сарысу жер кадастры филиалы, ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы;
2011 - 2012 - техник «МемжерҒОО», ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы;
2012 - 2014 - техник-оператор Сарысу аудандық бөлімшесі, ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры» ғылыми-өндірістік орталығы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы;
2015 жылғы тамыздан қазанға дейін - бас маман м.а., Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік сала шығындарын жоспарлау бөлімі, Тараз қаласы;
2015 - 2016 - бас маман, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік сала шығындарын жоспарлау бөлімі, Тараз қаласы;
2016 - 2017 - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды -инновациялық даму басқармасы өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің мониторингі бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Алматы қаласы;
2017 - 2019 - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің мониторингі бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы;
2019 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің мониторингі бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы;
2019 - 2021 - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және ивестициялар басқармасы талдамалық жинақтау бөлімінің басшысы, Алматы қаласы;
2021 - 2022 - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стратегиялық даму бөлімінің басшысы;
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.




