
Аманжол Шапағат Нұрболатұлы
Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Аманжол Шапағат Нұрболатұлы 1992 жылы 20 маусымда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы, 2017 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде “Құқықтану” мамандығы бойынша білім алды.
Алғашқы еңбек жолын Қарғалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жастар тәжірибесіннен бастап, кейін аудандық мәдениет үйіне үйірме жетекшісі ретінде жұмыс атқарған.
2015-2017 ж.ж – Мәдениет үйінің үйірме жетекшісі;
2017-2018 ж.ж – №2 Бадамша орта мектебі, аға тәлімгер;
2017-2018 ж.ж – "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы;
2018-2019 ж.ж – Мәдениет үйінің үйірме жетекшісі;
2019-2020 ж.ж – Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі;
2020-2022 ж.ж – Мәдениет үйінің директоры;
2021-2023 ж.ж – Аудандық мәслихат депутаты;
2022-2024 ж.ж – "Ұшқын" хжт жетекшісі;
2024-2026 ж.ж – Қарғалы аудандық мәдениет үйінің директоры.
02 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысының "Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" басшысы , Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылы .





