
КАСЫМБЕКОВ НУРЛАН ЖОЛАУШИНОВИЧ
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы 11 маусым 1969 жылы Ұлытау ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Ұлытау аудандық Киножүйе мекемесінің киномеханигі болып бастаған.
1987-1989 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында қызмет, 1989 жылы Ұлытау аудандық Киножүйе мекемесінің инженері, 1999 жылы осы мекеменің аға киномеханигі.
2002 жылы Ұлытау аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы.
2005 жылы Целеноград ауданы №21 Орта мектебінің аға тәлімгер-психологі.
2008-2011 жылдары «Қазақ ақпарат» ҰК АҚ-да кіші редактор, редактор және аға редактор қызметінде болды.
2011 жылдың шілдесінен бастап Целиноград ауданы Оразақ селолық округінің әкімі қызметін атқарған.
2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры.
2022 жылы «Ынтымақ Өрлеу» ЖШС кадрлар бөлімінің басшысы.
2023 жылы Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.





