
Өмірбаян
Ауғaнова Гулнар Мәдениетқызы 1966 жылы 30 қыркүйекте Жезқазған облысы, Ақадыр кентінде дүниеге келген.
1985-1989 жылдары Қарағанды кооператив институтын бітірген. 1989 жылы товаровед мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989-1999 жылдар аралығында «Ұлытау тұтынушылар қоғамында» товаравед болып қызмет атқарған.
1999-2001 жылдар аралығында «Ұлытау өңірі» газеті редакциясында бас есепші болып қызмет атқарған.
2001-2005 жылдары аудан әкімшілігінің «Экономика және шағын кәсіпкерлікті дамыту» бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2005-2006 жылдар аралығында «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.
2006 -2013жылдар аралығында «Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бастығы қызметін атқарған.
2013-2017 жылдар аралығында «Ұлытау ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің» меңгерушісі қызметін атқарған.
2018-2019 жылдар аралығында «Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»ММ-нің басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылдын 5 қантарынан «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемелекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқаруда.




