
Есжанов Бахытжан Нұрхатұлы
Нұра ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Бахытжан Нурхатұлы 1979 жылдың 1 қаңтарында Нұра ауданы, Донской ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Білімі жоғары. 2000 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институтын "құқықтану" мамандығы, 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "техника және технологиялар бакалавры, көлік құрылысы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы прокуратурасы Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының ұлттық қауіпсіздік органдарында, қаржы полициясында және кеденде тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры болып бастаған.
Әр жылдары Бахытжан Нұрхатұлы «Қазына Мұнай KZ-2008» ЖШС мұнай базасының директоры, «Nomad Trade Co» ЖШС-ның директор орынбасары, Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінің әкімі, Жеке сот орындаушысы болып жұмыс істеді.
2020 жылдан 2022 жылға дейін Нұра ауданы әкімдігінің «Қаратал» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны директорының орынбасары қызметін атқарды.
Тағайындалғанға дейін Бахытжан Нұрхатұлы Нұра ауданы әкімдігінің «Қаратал» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Бахытжан Нұрхатұлы Нұра ауданы әкімдігінің «Қаратал» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры болып жұмыс істеді.



